КАРЬЕРЛІК БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ ЖАҚСАРТЫҢЫЗ!
Педагог мәртебесін арттыру арқылы мансаптық сатының төріне жылдам шығу тетігін білгіңіз келе ме?
ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН
ОНЛАЙН-КУРСҚА ШАҚЫРАМЫЗ:
Оқытудың "Үшөлшемді әдістемелік жүйесі"
педагогикалық технологиясы (ҮӘЖТ)
Құрметті ұстаздар!
Ұсынылып отырған видео – ҮӘЖТ-ң талаптарына сәйкес дайындалған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қысқаша сипаттама
(5-сынып математика үлгісінде). Ол: 1) оқулықтан; 2) жұмыс дәптерінен;
3) мұғалім кітабынан және 4) сыныптың әр пәніне арнайы дайындалған «Ашық» журналдан тұрады.
Оқулыққа оқу бағдарламасына сәйкес 5-сынып математика пәнінің базалық білім мазмұны енгізілген. Бұл оқулық – әңгімелесуші-оқулық үлгісінде тартымды тілмен, оқушылардың өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыруға бағытталып жасалған.
ҮӘЖ технологиясы бойынша, тақырыпты меңгеру үдерісі екі бөлімнен тұрады: синектикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдерден.
1) Оқулықта синектикалық бөлімнің мазмұны берілген. Жаңа сабақтың І кезеңі - ұйымдастырушылық болса (үй жұмыстары тексеріледі), ІІ кезеңіндегі жұмыс барысында оқушылар топтарда презентация дайындап, қорғайды. Алған теориялық білімдерін «Қолдану» және «Баға беру» тапсырмалары арқылы сыныпта бекітеді.
2) Жұмыс дәптерінде нәтижеге бағытталған бөлімнің үш деңгейлік тапсырмалары қамтылған. Тапсырмаларды біртіндеп орындау барысында оқушылар балл жинайды және олардың функционалдық сауаттылық деңгейі критериалды жүйеде «қосу» әдісімен әділ бағаланады. Үлгермей қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Келесі сабақтың басында оқушының жинаған барлық балл саны есептеледі. Әр тақырып бойынша барлық оқушы жиған балына сәйкес бағаланады және балдар саны жұмыс дәптерінің соңындағы мониторингке тіркелініп отырады.
3) Мұғалім кітабында – ұзақ мерзімді жоспарлау, сабақтың барысы, тақырыпты меңгерудің үш кезеңнен тұратын технологиялық картасы, қысқа мерзімді тақырыптық жоспарлар, өздік жұмыстар, бақылау жұмыстары және «Ашық» журналының үлгісі берілген.
4) Арнайы дайындалған «Ашық» журнал мұғалім кітабында берілген. Журналдың құрылымы: мұқабасының екінші бетінде – оқушылырдың тізімі, олардың тоқсандық және жылдық суммативті бағалау нәтижесінде анықталған рейтинг кестесі. Келесі беттерінде формативті (тақырыптық) бағалау парақтарының үлгісі ұсынылады. Парақтар саны оқу жылындағы жалпы тақырып санына сәйкес келу керек. Әр ұстаз мұндай журналды өзі дайындап ала алады. сайтындағы электронды журналда сақтаса да болады.
Ұсынылып отырған мұғалімге арналған әдістемелік құрал
Сіздің сабаққа сапалы дайындалуыңызға тиімді көмек керсете алады деген мол сенімдеміз! Сәттілік тілейміз.
Құрметпен, 5-сынып математика, ОӘК-ің авторы Жанартай Кобдикова.Курс туралы толығырақ төмендегі сілтемелер арқылы біле аласыз:
сайттар:
онлайн-мектеп:
https://school.karaev.kz/register
WhatsApp:
https://wa.me/77756518899
e-mail:
info@karaev.kz
Инстаграм:
https://instagram.com/pttmso?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Телеграм:
https://t.me/+BFqEhRCI0_QyYWRi
Әлеуметтік желілірдің белгілері сайттың мәзірінде берілген
Онлайн курсты Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педтехнологиясының авторлары (Ж.Караев, Ж.Кобдикова) өткізеді. Олар – п.ғ.д., сәйкесінше: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері және информатика, математика пәндері бойынша оқулықтардың авторы (1-8 сыныптар), Арман-ПВ баспасының ғылыми жетекшісі.
ҮӘЖТ-ны практикада пайдаланудың 20 жылдан астам тәжірибесі оның төмендегідей көрсеткіштермен сипатталатын көп функционалдық мүмкіндігін анықтады:
1) барлық оқушылардың «білім», «түсіну» деңгейлерінде оқу материалын 100% меңгеруі; «қолдану» және «жасау» деңгейлерінде игерген оқушылар санының серпінді өсуі; 2) әмбебаптық және барлық мектеп пәндерін игеру, бала-бақшада, мектепте,ТжКБ, ЖОО-да оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі іске асыру үшін тиімділік; 3) қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты серпінді қысқарту; 4) ШЖМ-ң бірлескен сыныптарында және инклюзивті білім берудің оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру; 5) оқушылардың да, мұғалімдердің де шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мұғалімдер баламалы оқу-әдістемелік кешендердің авторлары болуға мүмкіндік алады.
Ең маңызды артықшылығы - бұл:
Тыңдаушы курстағы оқу барысында оқу пәнінің барлық тақырыптары бойынша әр оқушыдан қалай кері байланыс алуға болатынын үйренеді.
Ал, бұл әр тақырыпты өткеннен кейін сабақтың соңында үш деңгейлік тапсырмалар тізбегін үнемі үзбей орындап отыру арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімдер осындай тапсырмаларды құруды үйренеді!
Бірінші деңгейде – барлық оқушылар үшін «сынақтан» өту міндетті!
«Сынақ» алғаннан кейін ғана оқушы екінші деңгейге өтеді. Сондықтан «екіліксіз», яғни 100% үлгерімге кепілдік беріледі!
Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педтехнологиясын қолдану барысында оқушының табиғи қабілеттеріне сәйкес оның шығармашылық әлеуеті, сонымен қатар оқушыларға арналған деңгейлік және шығармашылық тапсырмаларды құрастыру кезінде, оқушыларға ғылыми жобаларды орындату барысында мұғалімдердің де әлеуеті ашылады.
Үй тапсырма нәтижелерінде батыл инновациялық идеялар мен ұсыныстар бар болса, онда тыңдаушылар пайдалы бонустармен көтермеленеді.
Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педтехнологиясы «Төңкере оқытуды» жүзеге асырады, яғни топтық жұмыста өз бетінше білім алу кезеңінен өткен соң, кері байланыс кезеңінде әр оқушымен деңгейлік тапсырмалар арқылы жеке жұмыс жүргізіліп, нәтижелері критериалды бағалаудың «қосу» немесе «марапаттау» әдісімен әділ бағаланады және ҮӘЖТ-сы денсаулық сақтаушы технологиялар қатарынан табылады.
Тыңдаушылардың қалауы бойынша, оларға қазақстандық үлгідегі сертификат немесе серіктестеріміздің халықаралық үлгідегі куәлігі беріледі.
Біз тыңдаушыларымыздың уақытына мән береміз.
WhatsApp-қа тек қоңырау шалсаңыз: +77756518899 барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.
Онлайн-оқытуды Сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта жеке өтесіз
Біз оқу материалын меңгеруді үш деңгейдегі
қадамдық қызмет түрінде ұсынамыз
Біз тыңдаушыларға онлайн курста
тез және сапалы білім алуына көмектесеміз
ж.т.б. ....
ҮӘЖТ – нәтижеге бағытталған білім беруді қамтамасыз ететін тиімді механизм
1. Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын көтеруге, нәтижеге бағытталған білім беруді, оқушының оқу жетістігін әділ бағалауға, өз бетімен білім алуға қабілетті мектеп түлегін қалыптастыруға ықпал етеді.
2. Оқушының өз бетінше білім алуына жағдай жасалады, негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолданылады, қазіргі қоғамдағы кездесетін өмірлік жағдаяттарды шешуге бейімделеді, зияткерлік және шығармашылық қабілеті дамыйды.