+77756518899

КАРЬЕРЛІК БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ ЖАҚСАРТЫҢЫЗ!

Педагог мәртебесін арттыру арқылы мансаптық сатының төріне жылдам шығу тетігін білгіңіз келе ме?

Оқытудың ҮӘЖТ-сын сабақта қолдану үшін дайындалған оқу-әдістемеліктер

Құрметті ұстаздар!

       Ұсынылып отырған видео – ҮӘЖТ-ң талаптарына сәйкес дайындалған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қысқаша сипаттама

(5-сынып математика үлгісінде). Ол: 1) оқулықтан; 2) жұмыс дәптерінен;

3) мұғалім кітабынан және 4) сыныптың әр пәніне арнайы дайындалған «Ашық» журналдан тұрады.

      Оқулыққа оқу бағдарламасына сәйкес 5-сынып математика пәнінің базалық білім мазмұны енгізілген. Бұл оқулық – әңгімелесуші-оқулық үлгісінде тартымды тілмен, оқушылардың өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыруға бағытталып жасалған.

   ҮӘЖ технологиясы бойынша, тақырыпты меңгеру үдерісі екі бөлімнен тұрады: синектикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдерден.

     1) Оқулықта синектикалық бөлімнің мазмұны берілген. Жаңа сабақтың І кезеңі - ұйымдастырушылық болса (үй жұмыстары тексеріледі), ІІ кезеңіндегі жұмыс барысында оқушылар топтарда презентация дайындап, қорғайды. Алған теориялық білімдерін «Қолдану» және «Баға беру» тапсырмалары арқылы сыныпта бекітеді. 

      2) Жұмыс дәптерінде нәтижеге бағытталған бөлімнің үш деңгейлік тапсырмалары қамтылған. Тапсырмаларды біртіндеп орындау барысында оқушылар балл жинайды және олардың функционалдық сауаттылық деңгейі критериалды жүйеде «қосу» әдісімен әділ бағаланады. Үлгермей қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Келесі сабақтың басында оқушының жинаған барлық балл саны есептеледі. Әр тақырып бойынша барлық оқушы жиған балына сәйкес бағаланады және балдар саны жұмыс дәптерінің соңындағы мониторингке тіркелініп отырады.

      3) Мұғалім кітабында – ұзақ мерзімді жоспарлау, сабақтың барысы, тақырыпты меңгерудің үш кезеңнен тұратын технологиялық картасы, қысқа мерзімді тақырыптық жоспарлар, өздік жұмыстар, бақылау жұмыстары және «Ашық» журналының үлгісі берілген.

      4) Арнайы дайындалған «Ашық» журнал мұғалім кітабында берілген. Журналдың құрылымы: мұқабасының екінші бетінде – оқушылырдың тізімі, олардың тоқсандық және жылдық суммативті бағалау нәтижесінде анықталған рейтинг кестесі. Келесі беттерінде формативті (тақырыптық) бағалау парақтарының үлгісі ұсынылады. Парақтар саны оқу жылындағы жалпы тақырып санына сәйкес келу керек.  Әр ұстаз мұндай журналды өзі дайындап ала алады. сайтындағы электронды журналда сақтаса да болады.

Ұсынылып отырған мұғалімге арналған әдістемелік құрал

Сіздің сабаққа сапалы дайындалуыңызға тиімді көмек керсете алады деген мол сенімдеміз! Сәттілік тілейміз.

Құрметпен, 5-сынып математика, ОӘК-ің авторы Жанартай Кобдикова.
 

Курс туралы толығырақ төмендегі сілтемелер арқылы біле аласыз:

сайттар:

https://karaev56.kz

https://karaev.kz


онлайн-мектеп:

https://school.karaev.kz/register


WhatsApp:

https://wa.me/77756518899


e-mail:

info@karaev.kz


Инстаграм:

https://instagram.com/pttmso?igshid=YmMyMTA2M2Y=


Телеграм:

https://t.me/+BFqEhRCI0_QyYWRi


Әлеуметтік желілірдің белгілері сайттың мәзірінде берілген

ҮӘЖТ-ың авторы Ж.Караевтың
дәрісі

Онлайн курс сізді оқу процесінде ҮӘЖТ-н практикада
қолдану тәсілдері және құралдарымен таныстырады
"school.karaev.kz" мектебінің онлайн тренингтері

курсты эл.поштасы арқылы компьютерде өткен қолайлы
Өзіңізге қолайлы уақытта
ҮӘЖТ-ың теориялық мәнімен
жақынарақ танысу үшін

20 тегін сабақты
қарағыңыз келсе,
ТІРКЕЛІҢІЗ:

Біздің бәсекелестік артықшылықтарымыз

Біздің кәсібилігіміз-сіздің
табысыңыздың кепілі
  • Жоғары сапа

    Онлайн курсты Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педтехнологиясының авторлары (Ж.Караев, Ж.Кобдикова) өткізеді. Олар – п.ғ.д., сәйкесінше: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері және информатика, математика пәндері бойынша оқулықтардың авторы (1-8 сыныптар), Арман-ПВ баспасының ғылыми жетекшісі.

  • Бірегей тәжірибе

    ҮӘЖТ-ны практикада пайдаланудың 20 жылдан астам тәжірибесі оның төмендегідей көрсеткіштермен сипатталатын көп функционалдық мүмкіндігін анықтады:

    1) барлық оқушылардың «білім», «түсіну» деңгейлерінде оқу материалын 100% меңгеруі; «қолдану» және «жасау» деңгейлерінде игерген оқушылар санының серпінді өсуі; 2) әмбебаптық және барлық мектеп пәндерін игеру, бала-бақшада, мектепте,ТжКБ, ЖОО-да оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі іске асыру үшін тиімділік; 3) қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты серпінді қысқарту; 4) ШЖМ-ң бірлескен сыныптарында және инклюзивті білім берудің оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру; 5) оқушылардың да, мұғалімдердің де шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мұғалімдер баламалы оқу-әдістемелік кешендердің авторлары болуға мүмкіндік алады.


  • Ең маңызды артықшылығы - бұл:

    Тыңдаушы курстағы оқу барысында оқу пәнінің барлық тақырыптары бойынша әр оқушыдан қалай кері байланыс алуға болатынын үйренеді.

    Ал, бұл әр тақырыпты өткеннен кейін сабақтың соңында үш деңгейлік тапсырмалар тізбегін үнемі үзбей орындап отыру арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімдер осындай тапсырмаларды құруды үйренеді!

    Бірінші деңгейде – барлық оқушылар үшін «сынақтан» өту міндетті!

    «Сынақ» алғаннан кейін ғана оқушы екінші деңгейге өтеді. Сондықтан  «екіліксіз», яғни 100% үлгерімге кепілдік беріледі!

  • Жағымды Сыйлықтар

    Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педтехнологиясын қолдану барысында оқушының табиғи қабілеттеріне сәйкес оның шығармашылық әлеуеті, сонымен қатар оқушыларға арналған деңгейлік және шығармашылық тапсырмаларды құрастыру кезінде, оқушыларға ғылыми жобаларды орындату барысында мұғалімдердің де әлеуеті ашылады.

    Үй тапсырма нәтижелерінде батыл инновациялық идеялар мен ұсыныстар бар болса, онда тыңдаушылар пайдалы бонустармен көтермеленеді.

  • Жеке жұмыс

    Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педтехнологиясы «Төңкере оқытуды» жүзеге асырады, яғни топтық жұмыста өз бетінше білім алу кезеңінен өткен соң, кері байланыс кезеңінде әр оқушымен деңгейлік тапсырмалар арқылы жеке жұмыс жүргізіліп, нәтижелері критериалды бағалаудың «қосу» немесе «марапаттау» әдісімен әділ бағаланады және ҮӘЖТ-сы денсаулық сақтаушы технологиялар қатарынан табылады.

  • Тиімді Қызметтер

    Тыңдаушылардың қалауы бойынша, оларға қазақстандық үлгідегі сертификат немесе серіктестеріміздің халықаралық үлгідегі куәлігі беріледі.

    Біз тыңдаушыларымыздың уақытына мән береміз.

    WhatsApp-қа тек қоңырау шалсаңыз: +77756518899 барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.

Онлайн курс кімге арналған?

  • әртүрлі деңгейдегі, типтегі және түрдегі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларына (директорларға, бастықтарға);

  • педагогикалық оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру процесін жүргізуді жүзеге асыратын пән мұғалімдері, ТжКБ, ЖОО оқытушыларына
Онлайн курстың бағдарламасы:
Бағдарлама сізге ыңғайлы уақытта өз бетімен білім алуыңызға арналған. Үй тапсырмасын тексеруді және сізбен кері байланысты курстың кураторы жүргізеді.

Сізге Getcourse платформасында курстың жалпы чаты қолжетімді болады


КІРІСПЕ БӨЛІМІ: "Оқытуды ұйымдастыру" (2 сағат)
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАРАУ КЕРЕК!
Кіріспе бөлімнен өтіп, келесі І -деңгейге қол жеткізу үшін осы бөлімдегі барлық сабақтардың тапсырмаларын міндетті түрде орындап, кураторға жіберу керек. Барлық сабақтар тапсырылғаннан кейін Сізге келесі модульге қол жетімділік беріледі. Егер 5 минуттан кейін келесі модуль ашылмаса, барлық сабақтардың тапсырылғанын және куратордың қабылдағанын мұқият тексеріңіз.

І МЕҢГЕРУ деңгейі - "сынақтан өту" (20 сағат тегін)
Ж.Қараевтың: Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі" педагогикалық технологиясының (ҮӘЖТ-ң) теориялық негізін меңгереді.

ІІ МЕҢГЕРУ деңгейі: ОҚУ ПРОЦЕСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
40 сағат. Курстың практикалық бөлігі. Тыңдаушылар сабақтарда ҮӘЖТ-н қолдану жағдайында оқу процесін тиімді жүргізу үшін қажетті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді үйренеді.

ІІІ МЕҢГЕРУ деңгейі. ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ (10 сағат).
Тыңдаушылар рефлексияға арналған тапсырмаларды орындайды:
1) мақалалар жазады және Интернет-БАҚ беттерінде жариялайды.
2) өз сабақтарында курста оқу кезінде дайындалған оқу-әдістемелік әзірлемелерді сынақтан өткізеді және кураторға атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы есеп тапсырады.

Онлайн-оқытуды Сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта жеке өтесіз

Курстың мазмұны
үш МЕҢГЕРУ
деңгейінен тұрады:
1-деңгей (20 сағат) – ТЕГІН
Меңгеру деңгейлері

45000 тг. (ҮӘЖТ орталығының сертификаты)
10 000 рубль. (Халықаралық үлгідегі куәлік)
15% жеңілдік қарастырылған
Ресурстар
Курстың жалпы чатта орналасқан барлық материалдарына бір жылға дейін қолжетімділік беріледі.

Бағасы:


ҮӘЖТ бойынша теориялық және практикалық материалдар,
сондай-ақ, дәрістер сізде қалады

Біз оқу материалын меңгеруді үш деңгейдегі

қадамдық қызмет түрінде ұсынамыз

Біз тыңдаушыларға онлайн курста

тез және сапалы білім алуына көмектесеміз

1-МЕҢГЕРУ деңгейі

Тыңдаушылар Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының (ҮӘЖТ) теориялық бөлімін меңгереді

2- МЕҢГЕРУ деңгейі

Онлайн курстың

практикалық бөлімі

Тыңдаушылар ҮӘЖТ-ын сабақта қолдану барысында оқу процесін тиімді жүргізуге қажетті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді үйренеді

3- МЕҢГЕРУ деңгейі

1.Тыңдаушылар рефлексия жасауға арналған тапсырмаларды орындайды:
олар мақалалар жазады және Интернеттегі БАҚ беттерінде жариялайды;

2.Курста оқу кезінде өзі әзірлеген оқу-әдістемелік материалдарын мектептегі сабақтарында сынақтан өткізеді, атқарылған жұмыстың нәтижесі туралы кураторға есеп береді.

Сіз курста мыналарға үйренесіз:
оқу процесінде нәтижеге бағытталған оқыту моделін және оқушылардың жаңа жеке тәжірибесін қалыптастыру ретінде қарастырылатын модельді қолдануды;
оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру процесін басқаруды, оқыту сапасын басқаруды;
әр тақырып бойынша өз бетінше білім алуға арналған деңгейлік тапсырмалардан тұратын оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді;

оқу процесінде критериалды бағалау арқылы оқушылардың жетістігін әділ бағалауды, әр оқушының даму траекториясы арқылы оның оқу сапасын қадағалап, болжап отыруға арналған мониторинг құруды;

Курста оқудың кезеңдері

Тыңдаушымыздың оқуы көңілді, қызықты
және нәтижелі болу үшін біз күделікті аянбай жұмыстанамыз!

  • 1. Бастау
    Оқу тілін таңдау.
    Тіркелу:
    «school.karaev.kz» батырмасы арқылы

  • 2.Профиль
    Жеке кабинеттегі профильді толтыру
  • 3. Өз бетімен білім алу
    Онлайн дәрістерді қарап,
    материалды өз бетімен оқып, түсіну
  • 4. Қарым-қатынас және кері байланыс

    Тапсырмаларды талдауға қатысу және куратормен кеңесу
  • 5. Жобаны қорғау және сертификат

    Жобалық жұмысты қорғау
    Курсты аяқтағаны туралы сертификат алу
  • 6.Сертификат
    ҮӘЖТ орталығының СЕРТИФИКАТЫН немесе бізідің Серіктестеріміздің Халықаралық үлгідегі КҮӘЛІГІН береміз


Курсты бүгін бастап, 
алғашқы 20 тегін сабаққа жылдам қол жеткіз!

Оқытудағы барлық проблемалармен қатар
өзіңнің шығармашылық жетістіктеріңнің
тарихына көз жүгірт!

Осы курста, оқыту проблемаларына байланысты
барлық сұрақтарға жауап таба аласың.

Сенбесең, тексеріп көр!

Тіркел:

Курс оқытушылары
  • Жанартай Кобдикова
    ҮӘЖТ орталығының, karaev56.ru, karaev.kz, school.karaev.kz сайттарының құрылтайшысы,
    курстың тренері, кураторы

  • Жаумбай Караев
    ҮӘЖ педтехнологиясының авторы, ҮӘЖТ орталығының ғылыми жетекшісі

  • Шайкамал Касеновна
    school.karaev.kz
    онлайн-курсының менеджеры, курстың тренері, кураторы
Оқытудың ҮӘЖТ-сын сабақта қолдану тиімділігі туралы мұғалімдер не дейді?

ҮӘЖТ – нәтижеге бағытталған білім беруді

қамтамасыз ететін тиімді механизм


1. Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын көтеруге, нәтижеге бағытталған білім беруді, оқушының оқу жетістігін әділ бағалауға, өз бетімен білім алуға қабілетті мектеп түлегін қалыптастыруға ықпал етеді.


2. Оқушының өз бетінше білім алуына жағдай жасалады, негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолданылады, қазіргі қоғамдағы кездесетін өмірлік жағдаяттарды шешуге бейімделеді, зияткерлік және шығармашылық қабілеті дамыйды.

❤️
  • Маржан Ержанбайқызы
    Бастауын мектеп мұғалімі
    Болашақта қолдануға болатын көптеген қызықты және қол жетімді әдістемелік материалдар бар. Курстарды өткізу схемасы өте қызықты, бос уақытында интернет-трансляцияларды қарау мүмкіндігі болды, бұл қазіргі кездегі тығыз жұмыс кестесінде өте маңызды.

  • Әміров Мұрат

    География мұғалімі
    Өз сабағымда қолдану үшін көптеген пайдалы ақпарат алдым. Оқытушылар құрамы - теориялық білімнің ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде қолданылатын жақсы багажы бар керемет ұстаздар екен.



  • Дүйсенова Алтыншаш
    Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
    Ұсынылған ақпараттың жүйелілігі мен қисындылығы, оқыту технологияларын практикаға енгізу, қашықтықтан оқытуды пайдалану бойынша әріптестердің тәжірибесі мол екенін байқадық. Пікірлес адамдармен кездесу және әртүрлі мәселелер бойынша пікір алмасу мүмкіндігі тиімді болды.
Біздің
байланыстарымыз:
+7 775 651 88 99
info@karaev.kz
Казахстан Республикасы,
Алматы қ., Ладушкина к-сі, 125в