ПТТМСО орталығы3D-оқыту технологиясы ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ МЕН ӘДІСКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
★ Үйге алып кететін материалдар ★
Мысал: «Үшбұрыштың ауданы», 8-сынып, геометрия
Бұл сұрақтарды нейрожеліге (Gemini, Meta.ai, ChatGPT) қойыңыз. Тақырыпты, сыныпты және пәнді өзіңіз қойыңыз. Сұрақтардан бұрын төмендегі 0-қадамды орындаңыз.
Анықтамасыз нейрожелі технологияны шатастырады: баллдарды, деңгей атауларын, тіпті автордың есімін қате жазады. Төмендегі мәтінді чатқа бірінші хабарлама ретінде жіберіңіз.
Басты акцент: мұғалім әр тақырыпқа ватман сызып шаршамайды. Ең оңай жолдан бастаңыз, қалғанын кейін қосасыз. Балл, деңгей, орташа балл және сыныптың білім сапасы кестеде өзі есептеледі.
«+» саны баллға тең. Балл қосындыланбайды: ол 0–10 шкала. Журналда «–» белгісі жоқ: бос тор әлі орындалмаған тапсырма.
| № | Толтырылған үлгі | 1-деңгей | 2-деңгей | 3-деңгей | 4-деңгей | Үй | Балл |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Оқушы А | ++++++ | ++ | ++ | + / V | V | 10 |
| 2 | Оқушы Б | ++++++ | ++ | + | V | 9 | |
| 3 | Оқушы В | ++++++ | + | V | 7 | ||
| 4 | Оқушы Г | ++++++ | 6 | ||||
| 5 | Оқушы Д | ++++ | 4 |
Бір тақырып, бір сынып. Бүкіл жылды бірден қайта жасаудың қажеті жоқ.
Анықтаманы бергеннен кейінгі жауаптар, мұғалім тексеріп түзеткен нұсқасы. Толық мәтін — төмендегі Word-файлда.
Бес элемент (мақсат, мазмұн, әдіс, форма, құрал) төрт деңгейге бөлініп, үшөлшемді пирамида шығады. Білу, түсіну, қолдану, жасау. Барлығы 1-деңгейден бастайды, деңгейді таңдамайды.
Анықтамамен дұрыс1-деңгей: формула және қарапайым есептер. 2-деңгей: формуланы түсіндіру, кері есеп. 3-деңгей: өмірлік есептер (гүлзар). 4-деңгей: өз өнімі. Жауап кілттері қоса берілген, есептерді тексердік.
Тексерілді5 бағанды кесте: кезең, педагог, оқушы, бағалау, ресурстар. 45 минут: 5 басы, 15 жаңа тақырып, 20 өз бетінше жұмыс, 5 қорытынды. Дайын жоспарды мектептің үлгісіне саласыз.
Тексерілді«+» саны баллға тең: 6 + 2 + 2. Балл қосындыланбайды. «–» белгісі жоқ. Бірінші жауапта нейрожелі балдарды «6+8+9=23» деп қосындылады. Біз түзеттік.
ТүзетілдіА3 + маркер, Google Sheets кестесі, сурет → нейрожелі → кесте. Толық айтылғаны жоғарыда және Word-файлда.
ТексерілдіНейрожелі нормативтік құжат туралы жалпы жауап береді. Оны дәлел ретінде қолданбаңыз: бұйрықтың өз мәтінін ашыңыз немесе білім бөлімінен сұраңыз.
Өзіңіз тексеріңізБіз де бұл қателікті көрдік. Сондықтан үйреніңіз: нейрожелі көмекші, мұғалімнің орнын баспайды.
Өз пәніңізге дайын файлдар: үшбұрыш тақырыбының мысалында жасалған. Тақырыпты ауыстырып, өз сабағыңызға қолданыңыз.
Бір тақырыпқа бір чат ашып, атын «Тақырып_сынып» деп қойыңыз. Нейрожелінің жауабын бірден Word-қа немесе Google Docs-қа көшіріңіз: чат жоғалып кетуі мүмкін. Сандар мен баллдарды әрқашан өзіңіз тексеріңіз.
Бір тақырыптан бастаңыз. Бірінші рет бірдеңе шықпай қалса, бұл қалыпты жағдай: түзетіп, келесі сабақта қайталаңыз. Сұрақтарыңыз болса, жазыңыз.