Құрметті ұстаздар!
Ұсынылып отырған видео – ҮӘЖТ-ң талаптарына сәйкес дайындалған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қысқаша сипаттама
(5-сынып математика үлгісінде). Ол: 1) оқулықтан; 2) жұмыс дәптерінен;
3) мұғалім кітабынан және 4) сыныптың әр пәніне арнайы дайындалған «Ашық» журналдан тұрады.
Оқулыққа оқу бағдарламасына сәйкес 5-сынып математика пәнінің базалық білім мазмұны енгізілген. Бұл оқулық – әңгімелесуші-оқулық үлгісінде тартымды тілмен, оқушылардың өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыруға бағытталып жасалған.
ҮӘЖ технологиясы бойынша, тақырыпты меңгеру үдерісі екі бөлімнен тұрады: синектикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдерден.
1) Оқулықта синектикалық бөлімнің мазмұны берілген. Жаңа сабақтың І кезеңі - ұйымдастырушылық болса (үй жұмыстары тексеріледі), ІІ кезеңіндегі жұмыс барысында оқушылар топтарда презентация дайындап, қорғайды. Алған теориялық білімдерін «Қолдану» және «Баға беру» тапсырмалары арқылы сыныпта бекітеді.
2) Жұмыс дәптерінде нәтижеге бағытталған бөлімнің үш деңгейлік тапсырмалары қамтылған. Тапсырмаларды біртіндеп орындау барысында оқушылар балл жинайды және олардың функционалдық сауаттылық деңгейі критериалды жүйеде «қосу» әдісімен әділ бағаланады. Үлгермей қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Келесі сабақтың басында оқушының жинаған барлық балл саны есептеледі. Әр тақырып бойынша барлық оқушы жиған балына сәйкес бағаланады және балдар саны жұмыс дәптерінің соңындағы мониторингке тіркелініп отырады.
3) Мұғалім кітабында – ұзақ мерзімді жоспарлау, сабақтың барысы, тақырыпты меңгерудің үш кезеңнен тұратын технологиялық картасы, қысқа мерзімді тақырыптық жоспарлар, өздік жұмыстар, бақылау жұмыстары және «Ашық» журналының үлгісі берілген.
4) Арнайы дайындалған «Ашық» журнал мұғалім кітабында берілген. Журналдың құрылымы: мұқабасының екінші бетінде – оқушылырдың тізімі, олардың тоқсандық және жылдық суммативті бағалау нәтижесінде анықталған рейтинг кестесі. Келесі беттерінде формативті (тақырыптық) бағалау парақтарының үлгісі ұсынылады. Парақтар саны оқу жылындағы жалпы тақырып санына сәйкес келу керек. Әр ұстаз мұндай журналды өзі дайындап ала алады. сайтындағы электронды журналда сақтаса да болады.
Ұсынылып отырған мұғалімге арналған әдістемелік құрал
Сіздің сабаққа сапалы дайындалуыңызға тиімді көмек керсете алады деген мол сенімдеміз! Сәттілік тілейміз.
Құрметпен, 5-сынып математика, ОӘК-ің авторы Жанартай Кобдикова.